Колледж тарихнамасы

Колледж тарихнамасы

 

 

 

1963 жылы 7 тамызда Батыс Қазақстан өл­келік кәсіптік-техникалық білім беру басқар­масының №87 бұйрығымен №196 Ойыл ауыл­шаруашылығын механикаландыру училищесі құрылған. Оқу 1963 жылы 27 қыркүйекте басталды. Училище ашылған кезде бір жыл­дық, екі жылдық мерзімді шопан-механиза­тор, механикаландырылған мал фермалары­ның механизаторы мамандарын даярлаған. Шопан-механизатор бөліміне алғашында 26 оқушы қабылданған.

Училище 1973 жылы Қазақ ССР Мини­стрлер Советінің председателі  Б. Әшімовтың 1973 жылы 22 мамырдағы №317-Р өкімімен орта білім және мамандық беретін үш жыл­дық мерзімді оқу орнына айналып, №196 Ойыл селолық орта кәсіптік-техникалық училищесі болып қайта құрылды. Үш жыл­дық кең көлемді тракторист-машинист, кең көлемді құрылыс шебері, кіші мал дәрігері, газбен және электрмен дәнекерлеуші маман­дарын даярлады.

Қазақ ССР Мемлекеттік кәсіптік-техни­калық білім беру комитетінің 1984 жылы      13 тамыздағы №220 және Ақтөбе облыстық кәсіптік-техникалық Білім беру басқармасы­ның 1984 жылы 31 тамыздағы №194-к бұй­рықтары негізінде №196 Ойыл селолық орта кәсіптік-техникалық училищесі - №22 Ойыл Орта кәсіптік-техникалық училищесі болып атауы өзгерген.

Үш жылдық кең көлемді тракторист-ма­шинист, кең көлемді құрылыс шебері, газбен және электрмен дәнекерлеуші, тігінші, аспаз­шы, сонымен қатар қысқа мерзімді 8 айлық тракторист-машинист, кіші есепші,құрылыс­шы, үш айлық К-700, К-701 тракторларын жүргізуші, «ВС» категориялы автокөлік жүр­гізушісі, комбайнер мамандарды даярлады.

Ақтөбе облысы әкімінің 1995 жылғы 19.04. №63 қаулысымен және Ақтөбе облы­стық білім басқармасының 1995 жылғы 23.02. №1-1 алқа мәжілісінің шешімімен №22 Ойыл орта кәсіптік-техникалық училищесінің ба­засында ауылшаруашылығы лицейі ашылып, лицей мәртебесі берілді және №2 Ойыл жоға­ры кәсіптік училищесі болып аталды.

1995-1996 оқу жылынан бастап жоғары кәсіптік училищесінің оқу бағдарламасы­на сәйкес №1-1 алқа мәжілісінің шешімімен №22 Ойыл орта кәсіптік-техникалық учили­щесінің базасында ауылшаруашылығы лицейі ашылып, лицей мәртебесі берілді. Сол кезден бастап №2 Ойыл жоғары кәсіптік училищесі болып аталды. 1995-1996 оқу жылында жоға­ры кәсіптік училищенің оқу бағдарламасы экперимент ретінде басталып, төрт жылдық экономист-менеджер, фермер-бухгалтер топ­тары ашылып, оқушылар қабылданды.

Төрт жылдық оқу бағдарламасын аяқтаған оқушылар арнаулы орта буын мамандығын және колледж дипломын алып шығады.

1996 жылы 26.12. Ақтөбе облысы әкімінің №422 шешімімен №2 Ойыл жоғары кәсіптік училищесіне №2 Ойыл кәсіптік-техникалық лицей мәртебесі берілді.

Лицей үш жылдық оқу бағдарламасына сәйкес экономист-менеджер, фермер-қаржы­гер, ерлер және әйелдер киімінің тігіншісі, ав­токөлік құралдарын және тракторларды техни­калық күту және жөндеу шебері, кіші есепші, газбен және электрмен дәнекерлеуші, элек­тронды есептеу машиналарының операторы, қысқа мерзімді 5 айлық «ВС» категориялы ав­токөлік жүргізушісі, үш айлық «Жеке аяқ киім тігу, жөндеу және байпақ басу шебері», екі айлық «Д», «Е» категориялы автокөлік жүр­гізушісі, үш айлық К-700, К-701 тракторла­рын жүргізуші, экскаватор тракторының жүр­гізушісі, 5 айлық «Мекен-жәй иесі», 10 айлық «Селолық құрылыс шебері», үш айлық «Жылу қазандықтарын және турбина жабдықтарын тексеруші, жүргізуші», үш айлық «Аспазшы», «Дә­некерлеуші» мамандарын даярлайды.

Ақтөбе облысы әкімдігінің 2008 жылғы 22 сәуірдегі №152 қаулысының негізінде «Ақтөбе облысы білім басқармасы» мемлекеттік меке­месі туралы Ережені басшылыққа ала отырып, Ақтөбе облысы білім басқармасының 11 мау­сым 2008 жылғы №116 бұйрығына сәйкес «№2 Ойыл кәсіптік-техникалық лицей» мемлекет­тік мекемесінің атауы өзгертіліп, «№2 Ойыл кәсіптік лицей» мемлекеттік мекемесі болып аталды.

Ақтөбе облысы әкімдігінің 2009 жылғы 5 маусымдағы №188 қаулысымен «№2 Ойыл кәсіптік лицей» мемлекеттік мекемесі «Ойыл аграрлық колледжі» мемлекеттік коммунал­дық қазыналық кәсіпорнына өзгерту тәсілімен қайта құрылды

Колледжде 0103000 «Дене тәрбиесі және спорт», 0518000 «Есеп және аудит», 1304000 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету», 1513000 «Ветерина­рия», 1510000 «Ауыл шаруашылығын механи­каландыру» мамандықтары оқытылады.

2015-2016 оқу жылынан «Ветеринария» және «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандықтары бойынша облыстық білім басқармасының бұйрығымен дуалдық оқыту жүйесі енгізілді.

Колледжде студенттерге арналған 720 орындық тұр­мыстық-қоғамдық корпус 1989 жылы пайда­лануға берілген, сондай-ақ мәжіліс және спорт залдары, 300 орындық асхана, 70 орындық кітапхана бар.

Екі қатарлы оқу корпусы ішінде спорт залы, жалпы білім беретін пәндерге арналған 8 дәрісхана, арнаулы пәндерге арналған 14 дәрісхана, 3 зертхана, 2 лингафон кабинеті бар. 110 орын­дық екі жатақхана, жаңадан салынған оқу кор­пусы және «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы аясында 2014 жылы күрделі жөндеуден өткен ветеринарлық кешен, 2015 жылы күрделі жөндеуден өткен ветеринарлық клиника және шеберхана бар. Дәрісханалар мен шеберханалар қазіргі заман талабына сай жа­сақталған.

 

  

Колледж басшылары

 

Клипанов Отар 1963-1964 жылдары №196 Ойыл ауылшаруашылығын механикаландыру училищесінің директоры.

 

 

Әкімов Өтеміс Ұлықпанұлы 1964-1965 жылдары №196 Ойыл ауылшаруашылығын механикаландыру училищесінің директоры.

 

 

 

Танкиев Шыңғыс Жомырқожаұлы 1965-1972 жылдары №196 Ойыл селолық кәсіптік-техникалық училищесінің директоры.

 

 

Жолдыбаев Байғоджа 1972-1974 жылдары №196 Ойыл селолық орта кәсіптік-техникалық училищесінің деректоры.

 

 

 Сағиев Зейнолла 1974-1976 жылдары №196 Ойыл селолық орта кәсіптік-техникалық училищесінің директоры.

 

 

 

Бақтыгереев Ысқақ Бақтыгерейұлы 1977-1979 жылдары №196 Ойыл селолық орта кәсіптік-техникалық училищесінің директоры.

 

 

 

Күншашев Қанат Ізді­байұлы 1979-1982 жылдары №196 Ойыл селолық орта кәсіптік-тех­никалық училищесінің директоры.

 

 

 

Бектұрғанов Бақтыға­ли Қозыбайұлы 1984-1990 жылдары                                        

№22  Ойыл орта кәсіптік-тех­никалық училищесінің директоры.

                               

 

 

Мырзағалиев Еркін 1990-1993 жылдары №22 Ойыл орта кәсіптік-техникалық учили­щесінің директоры.

 

 

Займолда Ғазиз Зай­молдаұлы 1993-1995 жылдары №22 Ойыл орта кәсіптік-техника­лық училищесінің директоры,

1995-1997 жыл­дары №2 Ойыл жоғарғы кәсіптік училищесінің директоры.

2003-2009 жылдары №2 Ойыл кәсіптік-техникалық лицейдің директоры.

 2009-2012 жылдары «Ойыл аграрлық колледжі» мемлекеттік ком­муналдық-қазыналық кәсіпорын директоры.

 

Тұрғамбеков Орын­басар Жұмайұлы 1997-1999 жылдары №2 Ойыл кәсіптік-техника­лық лицейдің директоры.

 

 

Қазыбаев Асқар Қай­ырғалиұлы 1999-2000 жылдары №2 Ойыл кәсіптік-техникалық ли­цейдің директоры.

 

 

Өткелбаев Сансыз­бай Өткелбайұлы 2001-2003 жылдары №2 Ойыл кәсіптік-техника­лық лицейдің   директоры.

 

 

Займолдин Серік Ғазизұлы 2012 жылдан бастап             

МКҚК «Ойыл  аграрлық колледжі» директоры.