Габбасова Меруерт Сахиевна

 

Габбасова Меруерт Сахиевна

Ұстаз– басқа сала мамандықтарына қарағанда, ең қиын, ең ізгілікті мамандықтардың бірі. Себебі басты міндет, ең құнды әрі маңызды мәселе – еліміздің ертеңі болып саналатын жас ұрпаққа терең білім мен сапалы тәрбие беру. Бауыржан Момышұлының «Ұстаздық – ұлы құрмет, себебі  ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді» дегеніндей, ертеңгі ел тұтқасы болатын жас буынды тәрбиелеу міндеті бүгінгі ұстаздар қауымның мойнында. Еңбекқор,шыдамды, қарапайым, ізденімпаз, ұлағатты ұстаз-Габбасова Мерует Сахиқызы. 1957 жылы 4 сәуірде Ақтөбе облысы, Ойыл ауданының, Ойыл селосында дүниеге келді. 1975 жылы Ойыл орыс орта  мектебін аяқтап, аталған мектепте аға пионер жетекшісі болып 1976 жылдың 1 тамызына дейін жұмыс істеген. 1976-1981 жылдар аралығында Ақтөбе педагогикалық институтында оқып, 1981 жылы Орта мектептің орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі және тәрбие жұмысының методисі деген квалификация алып шықты. 1981 жылдың 15 тамызынан 1984 жылдығ 1 қыркүйегіне дейін  Сопақкөл орта мектебінде мамандығы бойынша кластан тыс жұмыстардың ұйымдастырушысы болып жұмыс жасап, 1984 жылы Ойыл орталау мектебіне ауысты,1985 жылдың қыркүйегінде Донецк облысының Торез қаласындағы мектепке аға пионер жетекшісі болып қызмет атқарды.  1986 жылдың 26 қыркүйегінен бастап №22 Ойыл кәсіптік техникалық училищесінде жұмысқа алынып,2018 жылы  Ойыл аграрлық колледжінен зейнеткерлікке шықты. Өмірін ұстаздық қызметіне арнап, рахатын көріп отырған Мерует Сахиқызы екі қыздың аяулы анасы.

#қажырлыеңбек

#выдающийсяуспех

#30игііс