Тургамбеков Орынбасар Жумаевич

 

Тургамбеков Орынбасар Жумаевич

Ұстаз бейнесі – шәкірт үшін адамгершіліктің ең жоғары үлгісі. Ұстаздың лаулаған жалыны — әр жүрекке жылу сеуіп, нұр құятын қуаттың, өмірдің қайнар көзі. Тіршіліктегі шырақтың сөнбес ошағы. Ұстаз — өзінің бар күшін, бүкіл өмірін бала тәрбиесіне бел буған жан.

Тургамбеков Орынбасар Жумаевич. 1953 жылы 27 қазан күні Ойыл ауданы, Ойыл селосында дүниеге келді. 1970 жылы Ойыл орыс орта мектебін бітіріп, Орал қаласындағы Батыс Қазақстан ауыл шаруашылық институтына түсіп, 1975 жылы ауыл шаруашылығының инженер-механигі мамандығын бітірді. Сол жылы №196 Ойыл орта кәсіптік техникалық училищесіне арнайы пәндер оқытушысы болып орналасып, 1978 жылдың қазан айынан 1993 жылдың қараша айына дейін «Ойыл» кеншарында еңбек қауіпсіздігі жөніндегі инженері, кірпіш зауытының шебері болып қызмет атқарды.

1993 жылы №22 Ойыл орта кәсіптік техникалық училищесінде, №2 Ойыл кәсіптік лицейінде арнайы пән оқытушысы, 1997-1999 жылдар аралығында аталған оқу орнының директоры, 2007 жылдары директордың оқу-өндірістік  жұмыстары жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарып, ұстаздық жолында көз майын тауысып, үлгілі, білікті маман дайындаған ардагер-ұстаз.

Орынбасар Жумаевич- Ақтөбе облысы білім департаментінің Құрмет грамотасымен,  Қазақстан Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталып, , Ойыл ауданы әкімінің сыйлығымен, ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері төсбелгісімен марапатталып,  Ақтөбе облыс әкімінің грантын иеленіп, педагогикалық жетістіктердің облыстық конкурс-марафонында «Техникалық және кәсіптік үздік оқытушысы» деп танылды.

Тургамбеков Орынбасар Жумаевич-отбасылы, 4 баланың әкесі.

#қажырлыеңбек

#выдающийсяуспех

#30игііс