Қарасаева Сарбиназ Каримовна

 

Қарасаева Сарбиназ Каримовна

Дүниедегі мамандық атаулының төресі – ұстаздық. Әсілі, ұстаздық  барлық  мамандық   иесін  тәрбиелейтін,  оқытып  үйрететін  мейірімді абзал  жандар.  «Ұстаз  мамандығы – барлық  мамандықтың  анасы»  демекші, ұстаз  алдынан  тәрбие  алмайтын  жан  жоқ. Мейірімді, адал,еңбекқор ұстаздың бірі- Карасаева Сарбиназ Каримовна. Ол 1963 жылдың 30 тамызында Ақтөбе облысының Ойыл селосында дүниеге келген.1971-1981 жылдары Ойыл орыс мектебінде оқып, бітіріп, 1981-1982 жылдары Ойыл совхозындағы «Армандастар-75» комсомол жастар бригадасында қызмет жасаған. 1988 жылы Ақтөбе педагогикалық институтын математика және физика пәндерінің мұғалімі мамандығы бойынша бітіріп, №22селолық-кәсіптік училищесіне мұғалімдік қызметке қабылданды.Осы 1988 жылдан бастап училище, одан бері кәсіптік лицей, «Ойыл аграрлық колледжі» болып өзгертілген оқу орнында физика пәнінің оқытушысы қызметін атқарып келеді. Жұмыс саласында жасап, атқарған еңбегі үшін

Республикалық оқытушылар арасындағы сайыстан «Үздік шеберлік сабақ» атауымен 2 орын дипломымен, «Оқу-заман» республикалық сайтынан диплом,алғыс хат, ҚР Білім және ғылым министрлігінен Құрмет грамотасымен, алғыс хатымен, Ақтөбе облыстық білім басқармасының алғыс хатымен, Ақтөбе облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталып, шәкірттері Қанатов С. республикалық физика пәні олимпиадасынан 3 орын, Дәукен Ш.республикалық физика пәні олимпиадасынан 3 орын, халықаралық қашықтықтан өткізілген физика пәні олимпиадасынан 3 орын, Дәукен С.халықаралық қашықтықтан физика пәнінен өткізілген олимпиададан 3 орын, Оразбаева А. өзін-өзі тану пәнінен облыстық олимпиададан 3 орын иеленіп, жетістіктерімен қуанта білген ардагер-ұстаз.

Сонымен қатар, Сарбиназ Каримовна әулетінде сыйлы келін, Алипов Жаңабай Шабановичке аяулы жар, 2 қыз бен 1 ұлдың сүйікті,үлгілі анасы.

#қажырлыеңбек

#выдающийсяуспех

#30игііс