Займолдин Серик Газизович

 

Займолдин Серик Газизович

Ұстаз-ұлық емес, ұлы қызмет

  Ұстаз болу-жүрек жылуын, мейірім шуағын, адамгершілік ұлылығын баланың бойында дарыту. Ұстаз болу-жас ұрпақтың жарқын болашаққа барар жолын айқындап беру, ел болашағының өрендерін тәрбиелеп шығару,яғни ол екінің бірінің қолынан келе бермейтін дүние.Адал еңбегі мен маңдай терінің арқасында қарапайым жұмысшыдан, ұстаздық жолға түсіп, басшылық қызметке дейін көтерілген жанның бірі-Займолдин Серик Газизович.

    Займолдин Серик Газизович-1972 жылдың 2 желтоқсаны күні Ақтөбе облысы Ойыл ауданында туған.Мамандығы инженер-механик,менеджмент магистрі.

Еңбек жолын 1994 жылдан бастап №22 Ойыл кәсіптік-техникалық училищесінде жұмысшы-сантехник, 1995-1999 жылдары №2 Ойыл кәсіптік-техникалық лицейінде өндірістік оқыту шебері, әрі арнаулы пән оқытушысы, 2003-2005 жылдары №2 Ойыл кәсіптік лицейінде аға шебері, 2005-2009 жылдары №2 Ойыл кәсіптік лицейінде директордың өндірістік оқу жөніндегі орынбасары,2009-2012 жылдары Ойыл аграрлық колледжінде директордың өндірістік оқу жөніндегі орынбасары, 2012 жылдың қыркүйек айынан бастап Ойыл аграрлық колледжі директоры қызметін атқарып келеді.Бір білім ордасында 30 жылға жуық еңбек еткен кезінде оқу орнының материалдық-техникалық базасын нығайта отырып, білікті маман иелерін дайындап, шәкірт оқытып шығарып келеді. Сан қилы жағдайлар мен қиындықтарды артқа тастап, қызмет барысында ҚР Президентінің алғыс хаттарымен, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі құрмет грамотасы, алғыс хатымен, Ақтөбе облысы әкімдігінің алғыс хаттарымен, Ақтөбе облыстық білім басқармасы құрмет грамотасы, алғыс хаттарымен. «Атамекен» АҰҚП Алғыс хатымен. Ойыл ауданы әкімінің «Жомарт жүрек» сыйлығы «Жыл тұлғасы» номинациясымен, Ойыл ауданы әкімінің сыйлығымен, Ойыл ауданы әкімінің Алғыс хаты, Құрмет грамотасымен, ҚР конституциясы 25 жылдығы мерекелік медалімен марапатталды.

Займолдин Серик Газизович отбасында 4 ұл мен 1 қыздың үлгілі әкесі.

#қажырлыеңбек

#выдающийсяуспех

#30игііс