Директор блогына қош келдіңіз

«Ойыл аграрлық колледжі» МКҚК директоры

 

Займолдин Серик Ғазизович Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Ойыл селосында  1972 жылы, 2 желтоқсанда дүниеге келген. Ұлты- қазақ, жанұялы, білімі жоғары. «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының мүшесі.

1979 жылы Ойыл селосындағы Орыс орта мектебіні бірінші сыныбына оқуға қабылданған.

1987 жылы  8 сынып бітіргеннен кейін Ақтөбе ауыл шауашылығы техникумына түсіп, 1991 жылы «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығы бойынша оқуды тәмамдаған.

1991-1993 жылдары әскер қатарында Отан алдындағы борышын атқарған.

1994 -1995 жылдары  алғашқы еңбек жолын ПТУ – 22 – де жұмысшы, кейіннен сантехник болып бастады.

        1995-1999 жылдары ПТУ – 22-де өндірістік оқыту шебері.

1998 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің «Инженер - механик» мамандығы бойынша бітерген.

        1995-1999 жылдары ПТУ – 22-де өндірістік оқыту шебері;

        1999-2003 жылдары №2 Ойыл кәсіптік лицейі директорының оқу өндірістік жұмыстары жөніндегі орынбасары;

        2003-2005 жылдары  арнаулы пән оқытушысы және өндірістік оқыту шебері;

          2005-2008 жылдары №2 Ойыл кәсіптік лицейінің аға өндірістік оқыту шебері;

        2008-2009 жылдары №2 Ойыл кәсіптік лицейінің директорының оқу өндірістік жұмыстары жөніндегі орынбасары;

        2009-2012 жылдары Ойыл аграрлық колледжі директорының оқу өндірістік жұмыстары жөніндегі орынбасары;

        2012 жылдың 31 тамызынан күні бүгінге дейін Ойыл аграрлық колледж директоры болып қызмет етуде.

Техникалық және кәсіптік білім беру мамандарын даярлауда қосқан үлесі мен кәсіптік оқытуды ұйымдастыруда, болашақ мамандардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруда белсенділігі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің, Облыс әкімінің, Облыстық білім басқармасының Алғыс хаттарымен марапатталған.

Ниже вы можете задать ваш вопрос, мы постараемся ответить максимально оперативно.