«Ойыл аграрлық колледжі» МКҚК «Жас маман» жобасына қатысушылардың бірі

«Ойыл аграрлық колледжі» МКҚК  «Жас маман» жобасына қатысушылардың бірі.

«Жас маман»жобасы студенттерді кәсіптік бағдарлауға, халықаралық деңгейіндегі еңбек нарығында сұранысқа және бәсекеге ие, қабілеттті мамандар даярлауға бағытталған. Жоба аясында колледж өзінің материалдық техникалық базасын заманауи, соңғы технологиялармен жаңартқалы жатыр.

Ағымдағы жылдың 1510000 «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығы, біліктілігі 1510022 «Мал шаруашылығы кешендері мен механикаландырылған фермалардың оперторы» бойынша соңғы үлгідегі техникалық материалдармен жабдықталмақ. Сонымен қатар колледжіміздің 2021-2026 жылдарға арналған стратегиялық жоспары құрылып, жол картасы жасақталды. Жоғары да аталған мамандық бойынша оқу жұмыс жоспары даярлануда.