АРДАҚТЫ АРДАГЕРЛЕР!

АРДАҚТЫ АРДАГЕРЛЕР!

Қадірлі аға буын өкілдері!

 

Сіздерді "Халықаралық қарттар мен ұрпақтар ынтымақтастығы" күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.Біз,әрқашан "Үлкенге-құрмет,кішіден-ізет" деген аталы сөзді ұрпағының бойына сіңіріп өскен, қариясын қадірлеп,ардагерін ардақтаған текті елдің ұрпағымыз.Тәжірибесі мол аға буынның өмір жолы біз үшін аса құнды.Сондықтанда,халқымыз ертеден-ақ,үлкенге құрмет көрсетуді өсиет етіп,ұрпақтар арасындағы сабақтастыққа,үйлесімге ерекше мән берген.

 

"Ата қайратты болса,бала ғибратты болады"деген қанатты сөз бекер айтылмаса керек.Сіздер сабырлылық,қарапайымдылық қасиеттеріңізбен біздерді мейірімділік пен еңбексүйгіштікке,Отанға,отбасына деген адалдыққа және абыройлы болуға тәрбиелеп келесіздер.

 

Сіздердің жүріп өткен жолдарыңыз,еткен еңбектеріңіз ұрпақ үшін үлгі-өнеге.Ақылы-дария,білімі-теңіз,өмірлік тәжірибесі мол сіздерден тәлім-тәрбие алған кейінгі ұрпақтарыңыз өздеріңіз бастаған игілікті істерді жалғастыруда.Сіздер салған сара жолда бүгінгі ұстаздар қауымы талмай еңбектеніп,шәкірт тәрбиелеп,еліміздің дамуы мен өркендеуіне өз үлестерін қосуда.

 

Бізге тағылымды жол нұсқайтын аға ұрпақ ақыл-кеңестің,үлгі-өнегенің сарқылмас кенішіндей болған қарттарымыз сіздер,аман-есен жүргейсіздер!Сіздерді бүгінгі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтай отырып,зор денсаулық,отбасыларыңызға бақ-береке,ырыс-несібе тілеймін!

 

Құрметпен:  С.Г.Займолдин

"Ойыл аграрлық колледжі" директоры